Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Айта кетерлігі, отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.