Грек-рим күресінен Әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі толықтырылды

7 Қыркүйек 2019, 10:27
2509
Бөлісу:
Грек-рим күресінен Әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі толықтырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады. 

Елорда төріндегі әлемдік сынға қатысатын грек-рим күресінен қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі толықтырылды. Осыған дейін 60, 82 және 130 келіде салмақтарда ел намысын қорғайтын балуар есімі белгісіз болған. Бүгін грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бахтияр Байсейітов 60 келіде  Мейрамбек Айнағұловты, 82 келіде Мақсат Ережепов, ал 130 келіде Мансұр Шадукаевты әлем чемпионатында елорда кілеміне шығады деді.

 Грек-рим күресінен Қазақстан командасының тізімі:  

55 келі: Қорлан Жақанша 

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов  

63 келі: Алмат Кебіспаев  

67 келі: Мейіржан Шермаханбет 
  
72 келі: Демеу Жадыраев 

77 келі: Асхат Ділмұхамедов 

82 келі: Мақсат Ережепов 

87 келі: Азамат Күстібаев 

97 келі: Ерұлан Ысқақов 

130 келі:Мансұр Шадукаев 


Өзгелердің жаңалығы