Греция вакцинациялауды жоспардан асырып орындады

2 Ақпан 2021, 21:24
1459
Бөлісу:
Греция вакцинациялауды жоспардан асырып орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грецияда 290 000 адамға вакцина егілген, деп жазды regnum.ru. 

Бұл мәліметті елдің денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсету жөніндегі бас хатшысы Мариос Фемистоклеус хабарлаған. Ол елдегі халықтың 2,75% егілді дегенді білдіреді. Тек бірінші ақпан күні елде 20 000 адамға вакцина салынды.

Греция тұрғындары ақпанда екпенің 680 000 дозасының кезегінде тұр. Оның 236 000 бірінші кезең вакцинасын, 444 000 екінші дозасын алушылар. Ал ақпанда егілуі тиіс халықтың 450 000 адамды құрайды.

Қазіргі күні елде 400 вакцинациялау орталығы мен 100 мобильдік медициналық бөлімше жұмыс істеп тұр. Греция Еуроодақтағы 100 000 адамға шаққанда вакцинамен қамти алған елдердің арасында алтыншы орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы