Грант саны vs жұмыссыздар. Министр не дейді?

23 Қыркүйек 2022, 13:50
1357
Бөлісу:
Грант саны vs жұмыссыздар. Министр не дейді?

Гранттар саны өсіп жатыр бірақ жұмыссыздарың да саны көбеймей ме? Бұл сауалға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз келесі жылдан бастап жаңа модельге көшеміз. Иә, гранттың санын өсіріп жатырмыз, бірақ оқушы керекті әрі тапшы мамандыққа түспесе немесе ол мамандықты түсінбесе немесе өңірлік экономикаға ол мамандыққа сұраныс болмаса, онда жұмыссыздық көбеймей ме? - деп нақтылады сұрақты Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, осы тұрғыда «Менің мамандығым - менің болашағым» атты үлкен жоба бар.

Жоба былтырдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Меніңше, бұл жоба туралы көбірек ақпарат беру керек. Ол жобаның аясында әр өңір мен саланың өзіне бейім мамандықтарының тізімі жасалады. Ол жерде көп әрі тапшы мамандықтарға басымдық беріледі. Яғни, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары сол өңірдегі тапшылықпен, талаппен ұштастырылады. Келесі жылдан бастап кез келген жоғары оқу орны профессорлардың қажеттілігіне емес, өңірлік экономикаға қажетті мамандықтармен жұмыс істейтін болады, - деп жауап берді министр. 

Өзгелердің жаңалығы