Графикалық дизайн vs жасанды интеллект немесе классика қайда қалды?

21 Тамыз 2023, 10:26
2159
Бөлісу:
Графикалық дизайн vs жасанды интеллект немесе классика қайда қалды?
Фото: Данагер Бірлесбектің әлеуметтік желісінен

Әлеуметтік желіде Danabol лақап атымен танылған дизайнер нейрожелінің көмегі арқылы ерекше туындылар жасайды. Данагер Бірлесбектің айтуынша, қазіргі кезде өз қызығушылығыңызды табыс көзіне айналдыру мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек? Қандай ЖИ түрін қолдана білу маңызды? Графикалық дизайнерде қандай қабілет болуы тиіс? Danabol сұхбат берді, деп жазды BAQ.KZ тілшісі.

- Жасанды интеллект сіздің графикалық дизайн жұмысыңызға қалай әсер етті? Сіз қандай түрін қолданасыз?

Оң әсер етті. Біріншіден, нейрожелі уақыт пен энергия жағынан өте тиімді құрал. 4-5 сағаттап немесе бірнеше күн істейтін суреттерді маған бар болғаны 1-2 минутта генерациялап береді. Қазіргі таңда Midjourney және Dalle жасанды интеллектілерін қолданамын. Өз идеяңызды 1 минутта қалай шығатынын көре алу ғажап дүние. Тек қиялға ерік беру керек.

Графикалық дизайн vs жасанды интеллект немесе классика қайда қалды?

- Графикалық дизайнда нейрондық желілерді пайдаланудың қандай артықшылықтары бар?

Жасанды интеллектті қолданып бастағаныма бір жылдан асты. Қазір актуалды түрде қолданамын. Жобада өз идеям мен ЖИ нәтижелерін салыстырып көп идеялар аламын. Уақыт пен энергияның тиімділігі және өзіңіз күтпеген нәтижелер мен идеялар береді.

- Өзіңіздің мақтан тұтатын жетістіктеріңізбен бөлісе аласыз ба?

Қазіргі кезде бірден жасанды интеллектті қолданып оны игеріп алудың өзі үлкен потенциялды арттырады. Жасанды интеллекттің көмегімен бірнеше үлкен жобаға қатыстым. Соның ішінде Мақпал Жұмабайдың визуалдық айдентикасын жасадық. Lenovo Yoga мен коллаборацияда және Астанада өткен GoViral Фестивальдегі көрмесінде ЖИ-пен жасалған 3 суретім қойылды.

- Жасанды интеллект келешекте дизайнердің рөлін алмастыра алады деп ойлайсыз ба, әлде шығармашылығын одан әрі кеңейте түсе ме?

Менің ойымша алдағы 10-20 жылда жиі қолданатын инструмент болады. Әрине, одан кейін 30-40 жылдан кейін мүмкін. Өйтені қазіргі жасанды интеллектің мұндай жақын уақытта пайда болатынын білмедік.

- Қазақша жасанды интеллектің дамуына қанша уақыт кетеді деп ойлайсыз?

Егер сурет генерациялайтын қазақша жасанды интеллект болса, көп қолданыста болмайды деп ойламаймын. ЖИ интернеттегі нақты ақпараттармен нәтиже шығаратындықтан, бүкіл графикалық қолданыстағы терминдер түс атаулары ағылшын тілінде таралған. Егер GPT сияқты текст генерациясы жасалса, көп адамға көмегі тиер еді деп ойлаймын.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы