Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Гонконгтағы өрт: шығын көлемі 642 млн доллардан асты

Кеше, 18:17
321
Бөлісу:
 VCG via Getty Images
Фото: VCG via Getty Images

Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған ірі өрт салдарынан келген шығын көлемі 5 млрд гонконг долларынан асты (642 млн доллардан асады). Қайғылы оқиға кемінде 160 адамның өмірін қиған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

South China Morning Post (SCMP) басылымы экономикалық шығынды бағалаумен айналысатын сарапшыларға сілтеме жасап мәлімдегендей, соңғы деректерге сәйкес 26 қарашада басталып, 28 қарашада әрең сөндірілген өрт салдарынан 1 736 пәтер ішіндегі бар мүлкімен қоса түгел жанып кеткен. Шамамен 5 мың адам баспанасыз қалған.

Сарапшылардың айтуынша, есептелген шығын көлеміне қалада аза тұтуға байланысты тоқтатылған бірқатар іс-шаралардан келген залал кірмеген. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары көптеген шараның күшін жойғанын хабарлаған. Гонконг қонақүй иелері федерациясы да қонақүй саласында тапсырыстардың көптеп кейінге шегерілгенін және тоқтатылғанын айтқан.

Өрт Тай По ауданындағы, Гонконгтың так называемый «жаңа аумақтарында» орналасқан Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі сегіз көпқабатты үйдің жетеуін шарпыған. Жалын ғимараттарда жүргізіліп жатқан косметикалық жөндеу жұмыстарына байланысты орнатылған құрылыс торлары мен бамбук қаңқалары арқылы тез таралған.

Бұл өрт Гонконг тарихындағы тұрғын үй ғимаратында болған ең адам шығыны көп апат ретінде тіркелді. Бұған дейін мегаполистегі тұрғын үйдегі ең ірі өрт 1996 жылы Garley Building кешенінде болып, 41 адам қаза тауып, 81 адам жараланған еді. Алайда қала тарихында бұдан да ауыр өрттер болған, бірақ олар тұрғын үйлерде тіркелмеген. Ең қасіретті оқиға 1918 жылдың 27 ақпанында Хэппи-Вэлли ипподромында болған — уақытша трибуна құлап, артынан өрт шығып, 600-ден астам адам қаза тапқан. Ал 1948 жылы Des Voeux Road West көшесінде қоймада целлулоид пленкасы жанып, от жақын маңдағы тұрғын үйлерге тараған өрт салдарынан 176 адам көз жұмып, 69 адам жараланған.

Өзгелердің жаңалығы