Гонконгта маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді

Маймыл шешегін жұқтырған 30 жастағы ер адам Гонконгқа Филиппиннен келген. Бұған дейін ол Канада мен АҚШ-та болған, деп хабарлады BAQ.KZ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегіне сілтеме жасап.

 8 Қыркүйек 2022 2022, 05:28
8 Қыркүйек 2022 2022, 05:28
1187

Маймыл шешегін жұқтырған 30 жастағы ер адам Гонконгқа Филиппиннен келген. Бұған дейін ол Канада мен АҚШ-та болған, деп хабарлады BAQ.KZ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегіне сілтеме жасап.

Ер адам АҚШ - та жұқтырған деп болжанады, – делінген хабарламада.

Аурудың белгілері ер адамда тамыз айының соңында пайда болды. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр.

Маймыл шешегінің алғашқы расталған жағдайы Тайваньда маусым айының соңында анықталды. Материктік Қытай аумағында бұл вирустың жағдайы туралы әлі хабарланған жоқ.

Наверх