Гонконгта 11 жасар қызын уламақ болған ер адам қамауға алынды

Гонконг полициясы 42 жастағы ер адамды 11 жастағы қызын уландырмақ болды деген күдікпен ұстады. Оқиға жексенбі күні кешке болған, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

 Global Look Press 25 Қараша 2025 2025, 02:34
25 Қараша 2025 2025, 02:34
773
Фото: Global Look Press

Гонконг полициясы 42 жастағы ер адамды 11 жасар қызын уландырмақ болды деген күдікпен ұстады. Оқиға жексенбі күні кешке болған, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сүйенсек, ер адам қызға егеуқұйрықтарға арналған уды суға араластырып ішкізбек болған. Осы сәтті күдіктінің анасы байқап қалып, оны күйеуіне хабарлаған. Ер адам дереу шұғыл қызметтерге хабарласқан.

Жедел жәрдем қызметі қызды ауруханаға жеткізді. Полиция күдіктіні кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша қамауға алды. Тергеу мәліметтері оның ата-анасы және қызы бірге тұратынын, сондай-ақ ер адамның психикалық ауру бойынша бекітілген медициналық анықтамасы бар екенін көрсетеді.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Наверх