Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты. Бұл жолы жергілікті жұрт заң шығарушы орган құрамын сайлаудың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар, шерушілер Қытай тарапынан енгізілген ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға да қарсылық танытты.
Полицейлердің заңсыз митинг туралы ескертуіне қарамастан, азаматтар қолдарына плакат ұстап, үкіметке қарсы ұрандар айтқан. Осыдан кейін ішкі істер органдары мен демонстранттар арасында қақтығыс басталды. Шерушілер тәртіп сақшыларына бөтелке мен тас лақтырды. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін бұрышталған оқ атты. Нәтижесінде 90-ға жуық адам ұсталды.
Полицияның айтуынша, бәрі қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін қамауға алынған.- Мұқаба
- Жаңалықтар
Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты. Бұл жолы жергілікті жұрт заң шығарушы орган құрамын сайлаудың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды 24.kz.
Сонымен қатар, шерушілер Қытай тарапынан енгізілген ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға да қарсылық танытты.
Полицейлердің заңсыз митинг туралы ескертуіне қарамастан, азаматтар қолдарына плакат ұстап, үкіметке қарсы ұрандар айтқан. Осыдан кейін ішкі істер органдары мен демонстранттар арасында қақтығыс басталды. Шерушілер тәртіп сақшыларына бөтелке мен тас лақтырды. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін бұрышталған оқ атты. Нәтижесінде 90-ға жуық адам ұсталды.
Полицияның айтуынша, бәрі қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін қамауға алынған.-
1Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды18602Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген17083Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді11454Берденовті атқан адам оның қол астында жұмыс істеген9465Әкім Тарази дүниеден өтті943