Алматы, BAQ.KZ. 11 қараша күні Гонконгтағы кезекті наразылық акциясы кезінде полиция тебельді қарудан оқ атты. Бұл туралы RTHK радиосы хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Бір топ көтерілісші таңертең көлік көп жүретін кезде қалада хаос жасамақ болды. Көптеген көшеде көлік кептелісі орын алды. Полиция наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, - делінген хабарламада.
Гонконгта наразылық акциялары жаздың басынан бері өтіп келеді. Бастапқыда халық үкіметтің құқықбұзушыларды Қытайға тапсыру жөніндегі заң жобасын қабылдауына қарсы шыққан болатын. Алайда заң жобасы қайтарылып алынғанына қарамастан оппозиция жақтастары мен жастар тәртіпсіздікті жалғастыруда.