Головкиннің келесі кездесуі қашан өтеді?

6 Тамыз 2020, 19:12
1506
Бөлісу:
Головкиннің келесі кездесуі қашан өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен отандасымыздың міндетті қарсыласы польшалық Камиль Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы кездесуді неге ресми хабарламай отырғанын түсіндірді деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін аталған кездесу қазанда АҚШ-та өтетіні белгілі болған еді. Хирн кездесуді не үшін ресми хабарламай отырғанын түсіндірді. 

Бұл тек Головкиннің проблемасы емес. Көптеген үздік боксшының проблемасы. Олардың барлығы биыл тек бір ғана кездесу өткізетінін түсініп отыр. Сондықтан олар жергілікті билік қашан үлкен бокс кештерін жанкүйерлермен өткізуге рұқсат беретінін күтуде. Мықты боксшыларға билеттен түскен ақша өте маңызды екенін ұмытпаңыздар. Бұл арқылы боксшылардың да сыйақылары көбейеді, - деп келтіреді Хирннің сөзін vRINGe.com порталы.   

Еске салайық, IBF және IBO белбеулерін Головкин 2019 жылы Нью-Йорк қаласында Сергей Деревянченко жеңіп, иеленген еді. Дәл осы бокс кешінде Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген. 

Головкин мен Шеремета арасындағы кездесу ақпанда өтеді делінген. Кейін айқас наурызға ауыстырылды. Себебі, Головкин жаттығуларының бірінде қолын жарақаттап алды. Отандасымыз емделіп жатқан уақытта пандемия басталып, жекпе-жек жыл соңына шегерілді. 

Өзгелердің жаңалығы