Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Джонатон Бэнкс Salita Promotions Youtube-каналында шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар жұдырықтасады деп үміттенемін. Алайда соңғы екі жылда кездесуден бас тартып жүрген «Канело» екенін түсіну керек. Енді "Канело" GGG-мен мынадай бір күні жұдырықтасқысы келетінін айтады. Бірақ Головкин оған: "Менің жоспарым бар. Мені бақылай алмайсың. Мен сені осы жылдар бойы күттім, ал сен бас тарттың. Енді сен дайын болғанда, менің де өз шаруам бар" деп жауап берді, - деді Бэнкс.
Бапкердің айтуынша, "Канело" Головкинмен жұдырықтасқысы келсе, GGG-дің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегін күтуі қажет.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары қолғап түйістірген еді. Біріншісінде боксшылар тең тарқасса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңген болатын.