Бапкер: Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Рингте қарсыласын шығарыңдар

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық Геннадий Головкин алдағы уақытта кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы оның бапкері Джонатон Бэнкс айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz/" target="_blank"></a>Prosports.kz.</h4>

 20 Мамыр 2021 2021, 07:25
20 Мамыр 2021 2021, 07:25
2011

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық Геннадий Головкин алдағы уақытта кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы оның бапкері Джонатон Бэнкс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Геннадий Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Мен де оның жекпе-жегін күтіп жүрмін. Маған оның кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес, тек қарсылас табылғанын қалаймын. Triple G кіммен жұдырықтассам да бәрібір, келісімшарт жасасайық деді. Рингте қарсыласын шығарыңдар. Оның қалайтыны сол ғана, – деді Бэнкс ESNEWS-ке.
Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңген болатын. Бүгінде ол IBF және IBO титулдарының иегері. 
Наверх