Головкин соңғы титулынан айырылды

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы титулынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 instagram.com/gggboxing 14 Маусым 2023 2023, 16:47
14 Маусым 2023 2023, 16:47
4212
Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы титулынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

GGG орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты. Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин титулдық орынның бос екенін жария етті.

Еске салайық, 40 жастағы қазақстандық бұған дейін міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтасқысы келмеген соң IBF титулынан айырылған. Кейін кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізгісі келмеген соң WBA Super белбеуінен де қағылған еді.

Наверх