Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) инстаграмдағы жеке парақшасында қызықты жазба жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Спортшы өзінің отандасы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин, SNAC жаттығу залынан жаттықтырушы Джонатан Бэнкс үшеуінің фотосуретін жариялады. Әрі "жақында жаңалық болады!" деп жазды.
Ахмедов бұл жазбасымен келесі жекпе-жегі өтетін уақыт жақын арада белгілі болатынын меңзеп тұрған болуы мүмкін.
24 жастағы боксшы GGG Promotions компаниясының өкілі, әрі соңғы екі жекпе-жегін Головкиннің андеркардында өткізді. Демек осы жолы да Ахмедов пен Головкин бір кеште бокстасуы мүмкін.
Ендеше Ахмедовтің "жақында жаңалық болады" деген жазбасы, жақын арада Головикн мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек өтетін уақыт жарияланады деген сөз. Осылай болжам жасауға мүмкіндік мол.
Бұған дейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл жекпе-жек 28 наурызда өтпей қалуы айтылып жүр. Сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін айтады.