Головкин–Канело жекпе-жегі кинотеатрлардан көрсетілмек

30 Тамыз 2022, 10:12
1214
Бөлісу:
Головкин–Канело жекпе-жегі кинотеатрлардан көрсетілмек

Сауль "Канело" Альварес пен орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті мексикалық Cinemex кинотеатрлар желісі көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Альварестің WBA Super, WBC, WBO және IBF супер орта салмақтағы жүлделері бәске тігіледі.

Жекпе-жек Мексиканың бірқатар қалаларында үлкен экрандарда көрсетіледі. Билет құны үш доллардан жеті долларға дейін болады деп күтіледі.

Айта кетейік, Мексика үшін кинотеатрларда ірі спорттық іс-шараларды көрсету жаңалық емес. Бокстан бөлек Чемпиондар лигасы мен NFL матчтары да жиі үлкен экрандардан көрсетіліп тұрады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы