Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) «Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек енді, ол бірауыздан қабылданған шешіммен Канелоның жеңісімен аяқталды.
Сондай-ақ тізімге Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучидің жекпе-жектері кірді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.