Головкин ХОК басшысымен 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты талқылады

Кездесу Дакар қаласында IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы аясында өтті.

 ҚР ҰОК 8 Қараша 2026, 09:18
8 Қараша 2026, 09:18
113
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Кирсти Ковентримен кездесті.

Тараптар олимпиадалық қозғалысты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарындағы бокс жарыстарына дайындықты талқылады.

Дакардағы жасөспірімдер ойындарында Қазақстан атынан 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Фатима Супығалиева дзюдодан жарыс жеңімпазы атанса, Рамазан Айнағов триатлоннан қола жүлдеге ие болды.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазанда басталып, 13 қарашаға дейін жалғасады.

Наверх