Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес 2017 жылы орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін GGG мен Билл Джо Сондерс арасындағы айқас неге болмады деген сұраққа жауап берді.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Ол кезде қазақстандық WBA, WBC және IBF титулдарының иегері, ал Сондерс WBO нұсқасы бойынша чемпион еді.
Біз расымен де Қазақстанда Сондерске қарсы жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасастық. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болды. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары тиісті кепілдіктерді орындай алмады және айқас та болған жоқ. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз тәсілі Билли Джоның кепілдіктерін орындау еді. Бірақ олар оған бұдан бұрын айтылған сомаға кепілдік бере алмады әрі келіссөздерді қайта жүргізбеді. Өйткені бізде ондай ақша жоқ еді, - деді Санчес Fighthub TV берген сұхбатында.
Бапкердің пікірінше, сол жылы Головкин мен Сондерс жұдырықтасқан жағдайда, қазақстандық боксшы жеңер еді.