Головкин басқа салмаққа ауысатынын мәлімдеді

<h4>Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN баспасөз конференциясында басқа салмақта бокстасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/golovkin-sdelal-zayavlenie-o-perehode-v-drugoy-ves">Sports.kz</a>&nbsp;жазады.</h4>

 12 Наурыз 2019 2019, 09:55
12 Наурыз 2019 2019, 09:55
2903

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN баспасөз конференциясында басқа салмақта бокстасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz жазады.

Спортшы үш жыл ішінде алты жекпе-жек өткізуге DAZN-мен келісімге қол қойды.

«Менің DAZN-ға үздік боксшылармен жекпе-жекке шығып, қызықты бокс өткізу үшін келгенімді білесіздер. Егер сіздерде ойланарлықтай кездесу болып жатса, біз басқа салмақпен бокстасуға дайынбыз», - деді Головкин.

Головкиннің DAZN-дағы дебюті маусымда болады. Дәл қазір нақты мерзімі белгілі емес, бірақ келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің нақты деректері жақын арада белгілі болады.

Наверх