Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы «Предгорное элеваторы» базасында орналасқан «Алтын Шығыс» ЖШС автоматтандырылған мультимәдениетті май экстракциялық кешенінде 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығару жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Құны 28 млрд теңге болатын жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Кешенде күнбағыс ядросын өндіру бойынша цех салынды, тазартылған ядро өндірісімен күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша жабдық тестілік режимде іске қосылды. 8 ғимараттың (цехтардың) құрылысына іргетастар құйылды. Инфрақұрылым жүргізу (сумен қамтамасыз ету және электрмен қамтамасыз ету) «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, - деді аудан әкімі Тамара Рахымжанова.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен ауданда 4 жоба субсидияланды, оның ішінде дүкенде сату үшін тауар сатып алу, жабдық сатып алу және жөндеу, жүк тасымалдау қызметін кеңейту; дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру бойынша қызметті дамыту. Сондай-ақ 32,2 млн теңге сомасына 6 жоба кепілдендірілді.