Гипертензия синдромы жайлы не білеміз?

5 Мамыр 2021, 14:51
5212
Бөлісу:
Гипертензия синдромы жайлы не білеміз?

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін біз еш себепсіз кенеттен болатын қорқыныш пен қатты үрейленуден туындайтын үрей шабуылы аясындағы гипертензия синдромы туралы айтпақпыз.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өңірлермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, кардиолог дәрігер Анар Тұрсынбекованың айтуынша, артериялық қан қысымы интоксикация, эмоциялық күйзелістер, дене қимылының жүктемесі, сондай-ақ жарақаттан кейін болуы мүмкін.

Тұрақты емес вертеброгендік қан қысымының көтерілуі, яғни омыртқа артерияларының құрылымы мен жұмысының өзгерісінен ми бөлігіндегі қан айналымының бұзылуы және тағы басқа болуы мүмкін. Бұл симптомдар тек гипертониямен байланысты емес.

Тұрсынбекова гипертониялық кризді гипертензия синдромымен болатын үрей шабуылынан ажырату үшін науқас пен дәрігер нені білуі қажеттігін айтып берді.

Біріншіден, қан қысымының көтерілуі 60 минуттан аспауы керек. Үрей шабуылы бірнеше ондаған минутқа дейін созылады, артериялық қан қысымының көтерілуімен жалғасады, ол шамамен 1 сағаттан кейін өз бетінше қалпына келеді.

Екіншіден, бұл адамның үрей шабуылы немесе гипертониялық криз кезіндегі сезімі. Гипертониялық криз – гипертониямен ауыратын адамда қан қысымының көтерілуі. Мұндай жағдайда қан қысымының көтерілуі дене және соматикалық сипатта болады. Гипертониялық криз кезінде мидың міндеті - жағдайды түзету, яғни дәрі қабылдау, жедел жәрдем шақыру. Үрей шабуылы кезінде жағдай жиі өзгереді. Ми дене сезімін тудырады және ол жоқ тітіркендіргішке жауап береді. Оның функциясы - сіздің бағытыңызды бұзу. Сізді қорқыныш, мазасыздық, өлімнен қорқу сезімі билейді. Сіз не істеріңізді білмейсіз. Гипертониялық криз кезінде мұндай шағымдар болмайды, - дейді Тұрсынбекова.

Үшінші белгісі – гипертониялық кризден гипертензиялық синдромы бар үрейлі шабуылды ажырату. Гипертониялық криз кезінде қан қысымын төмендететін дәрі қабылдаған жағдайда ол аздап түседі және қалыпқа келеді. Осындай үрей шабуылы бар пациенттің жағдайы қандай болады? Қан қысымы 1,5-2 сағаттан кейін жылдам төмен түсе бастайды. Неге? Өйткені үрей шабуылы тоқтатылды, қан қысымы өз бетінше қалпына келді. Осы кезде қан қысымын төмендету үшін қабылдаған препарат әрекет ете бастайды. Қан қысымы жылдам төмендейді.

Төртінші белгісі - қын қысымының көтерілуінен басқа, бас ауырады, ауырлық, үрей, өлімнен қорқу сезімі, жүрек айну, бастың айналуы, жалпы әлсіздік, кеудеде, бұлшықетте ауыру сезімі секілді симптомдар пайда болады. Гипертониялық криздің белгілері: шамалы жүректің айнуы, бастың айналуы, әлсіздік.

Бесінші белгі - тәуекел факторларын ескеру қажет. Мысалы, егер 25-30 жастағы пациентте қан қысымы ешқашан болмаған, енді кенеттен 1 сағатқа дейін созылатын эпидозтар пайда болса, бұл үрей шабуылы болуы ықтимал. Олар симптомдарының айқындылығына қарамастан, инфаркт, инсультпен аяқталмайды. Үрей шабуылы кезінде 2 сағаттан кейін жағдай аяқталады. Үрей сезімі қалады.

Анар Тұрсынбекова сондай-ақ диагностикаға көңіл аудару қажеттігін айтады. 

Үрей шабуылы кезінде дәрі-дәрмек терапиясын, антидепрессанттар, анксиолитиктерді (транквилизаторлар) қабылдаудың тиімділігі аз. Мінез-құлық терапиясы көмектеседі. Психотерапевке қаралудан қорықпау керек. Отбасы дәрігерінің, кардиологтың міндеті – пациент пен психотерапевт арасындағы көпір болу. Сонда ем тиімді болады. Тіпті егер пациентте қандай да бір ұстамалар туындайтын болса, ол бұл жағдайға қатты көңіл аудармайтын болады, бұған бейімделе бастайды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы