Гидротехникалық нысандар тасқынға дайын ба?

7 Сәуір 2021, 13:41
1894
Бөлісу:
Гидротехникалық нысандар тасқынға дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Су тасқынының алдын алу мақсатында елдің барлық гидротехникалық объектілерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Серік Қожаниязов айтты.

Оның айтуынша, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, Республикалық меншіктегі гидротехникалық нысандарды тасқын суларды өткізуге дайындау және залалды болдырмау мақсатында Су ресурстары комитетінде алдын алу жұмыстарына арналған су тасқынына қарсы комиссия құрылды.

Гидротехникалық нысандарды пайдалану қағидаларына сәйкес, әрбір су қоймасы үшін су тасқынын өткізу кестесі әзірленді. Нысандардың арнасынан асып кетпеуі мақсатында бос сыйымдылықтар қоры жасақталды. Бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% құрайды. Олар белгіленген межеден артық толғанда және үлкен сулар келген жағдайда транзиттік режимде жұмыс істейтін болады, - деді Серік Қожаниязов. 

Министрлік мәліметіне сүйенсек, су қоймаларының жұмыс режиміне күнделікті мониторинг жасалып отырады. Қауіпті учаскелерде құрылыс және басқа материалдардың, сондай-ақ тиісті техника мен жанар-жағармайдың қоры дайындалды.

Өткен жылдың күзінен бастап гидротехникалық нысандарға тексерулер жүргізілді. Оның нәтижесі нысан иелеріне бойынша тасқынның алдын алу шараларына қатысты ескертулер берілді. Олардың жүзге асырылуын министрлік бақылауда ұстады. Қазір аймақ әкімдері тасқынға қарсы жұмыстарының маңызы зор. Өйткені биыл қар қалың түсті. Ол ерігенде елді мекендердің жанында орналасқан су қоймалары арнасынан асуы мүмкін. Ол үшін жағалауды бекіту, арналарды бұру, оның өткізу қабілетін жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Тағы бір атап өтетін мәселе, арналар тазаланған жағдайда ғана су тасқынының апатсыз өткізу мүмкін, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы