Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қарашада Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының азаматы 16.09.1989 ж.т Айдос Қанатұлы Шәріповты экстрадициялады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді.
Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта А.Қ.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.