Германияда жоғалған қыздың ісі ерекше бақылауда

10 Маусым 2024, 11:55
1203
Бөлісу:
Германияда жоғалған қыздың ісі ерекше бақылауда
VIDEO

Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына ҚР азаматтары 2024 жылғы 3 маусымында қызы жоғалып кетуіне байланысты арыз түсірген.

Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскеннен бастап біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Және оған біздің тікелей араласуға құқығымыз жоқ. Дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Қазіргі таңда неміс тарапына бұл істің жеке бақылауға алынуыны және барлық қолғабыс көрсету жайлы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға жұмыс жүргізіп жатырмыз,- деді Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы