Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Германияда велошеру кезінде атыс болып, жеті адам зардап шекті

8 Маусым 2025, 02:40
865
Бөлісу:
 dubisthalle.de
Фото: dubisthalle.de

Германияның Галле қаласында өткен велошеру кезінде белгісіз адам шеруге қатысушыларға оқ атып, салдарынан жеті адам зардап шекті. Бұл туралы Bild басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға жұма күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы снаряд түріндегі оқ-дәрілерді қолданған. Бұл оқ-дәрілердің құрамында металл шарлар бар пластикалық қабықтар болған. Мұндай қару көбіне пневматикалық мылтықтарға арналған және көз сынды әлсіз тұстарға тиген жағдайда ауыр жарақат келтіруі мүмкін, - деп жазды басылым.

Алайда бастапқы мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендердің киімдері снарядтың соққысын біршама жеңілдеткен. Жеті адамның барлығы да медициналық көмектен бас тартқан.

Қазіргі уақытта полиция бұл дерек бойынша қасақана дене жарақатын келтіру бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Шабуыл жасаған күдіктілердің кім екені әзірге белгісіз. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы