Германияда орман өртін сөндіре алмай жатыр

27 Шілде 2022, 19:12
1229
Бөлісу:
Германияда орман өртін сөндіре алмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның екі федералды жерінде орын алған өртті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Сонымен қатар орман өрті Чехияға да таралып үлгерген деп жазады Deutsche Welle. 

Тілсіз жаумен 700-ден астам өрт сөндіруші мен 90 бірлік техника күресіп жатыр. Жағдай өте күрделі.Бранденбург пен Саксония федералды аумағындағы ірі орман өртін тіпті тікұшақпен сөндіріп жатыр. 

Бранденбургте өрт екі күн бұрын басталып, 500 гектар аумақты шарпып өткен. Салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше елдімекендегі 700-дей адам уақытша эвакуацияланған. Жеті өрт сөндірушінің жарақат алғаны айтылуда. 

Ал Саксонияны шарпыған өрт көрші Чехияға дейін жалғасып, «Богемалық Швейцария» ұлттық паркінің аумағыа жеткен. Өрт күшті желдің әсерінен жылдам таралғаны белгілі болды. Чехияда 400-ден астам өрт сөндіруші тілсіз жауды сөндіруге жұмылдырылса да, тұрғын үйлерге таралып үлгерген. 

Бұл жаз Батыс Еуропа үшін аптап ыстығымен қатар, өрттің орын алуымен күрделі болып тұр. 

Франция, Грекия, Португалия мен Испанияда да орман өрті болып, бірнеше шаршы шақырым жерлер жанып кетті. Мыңдаған адам мен туристер тұрып жатқан жерлері мен демалыс орындарынан кетуге мәжбүр болды. Адам шығыны да бар.  

Өзгелердің жаңалығы