Германияда оқыған отандық кәсіпкер Ақтауда цех ашты

23 Тамыз 2019, 20:35
1731
Бөлісу:
Германияда оқыған отандық кәсіпкер Ақтауда цех ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Виталий Битнер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Іскери байланыстар» жобасы аясында Германияда тағылымдамадан өтіп, топ-менеджмент бойынша білім алып қайтты, деп ;жазады pavlodarnews.kz.

Виталий Битнердің «Шеберлер қаласы» фирмасы 2000 жылдан бастап жұмсақ жиһаз дайындаумен айналысады. Неміс құралдарымен жабдықталған фабрика жиһаздардың 30-дан астам түрін шығарады. 
Таяуда кәсіпкер Германияда арнайы оқудан өтті.   

"Мемлекеттік бағдарлама аясында алдымен Нұр-Сұлтан қаласында, кейін Германияда білім алдым. Шетелде бизнесті жүргізу мен персоналды басқарудың, тұтынушылармен жұмыс істеу мен нарықты зерттеудің тетіктерін үйрендім. Қазіргі уақытта алған білімімді іс жүзінде пайдаланып, кәсібімді одан әрі дамытып жатырмын", - дейді Виталий Битнер.

"Шеберлер қаласы" компаниясының Павлодар қаласындағы өз сауда үйі мен өндірістік цехы бар. Жақында Ақтау қаласында тағы бір цех пен сауда орнын іске қосты. Ол үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша 60 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Бүгінде Павлодар қаласында жұмсақ, ал Ақтауда корпустық жиһаз шығаруда.
Өзгелердің жаңалығы