Германияда «коронавирустық» концерт өтті

23 Тамыз 2020, 12:38
1623
Бөлісу:
Германияда «коронавирустық» концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қойылым кезінде барлық көрермендер FFP2 маскасын тағуы керек болған. Сондай-ақ, олар COVID-19 сынағын алдын-ала жасаған.

Галле-Виттенберг университетінің ғалымдары 22 тамызда Лейпцигте COVID-19 таралуын зерттеу үшін 1400-ден астам көрермен қатысқан эксперименттік поп-концерт ұйымдастырды. Бұл туралы WDR телерадиокомпаниясы хабарлады.

Біздің бұл өткізіп жатқанымыз үйреншікті концерт емес. Бұл концертке ыңғайластырылған зерттеу, - деді зерттеу жетекшісі Стефан Мориц.

Мұндай концерт күніне үш рет болған, олардың әрқайсысында түрлі санитарлық жағдайлар жасалған. Зерттеушілер көрермендердің қозғалысын сенсорлардың көмегімен қадағалады. Сондай-ақ, флуоресцентті дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, эксперимент қатысушылары ғимараттың қандай жерлеріне жиі жанасатынын көрсетті. Сонымен қатар, концерттер кезінде сарапшылар вирус жұқтыруы мүмкін бөлшектердің ауада таралуын қадағалады.

WDR мәліметі бойынша, қойылым кезінде барлық көрермендер FFP2 маскаларын киюі керек еді. Сондай-ақ, олар COVID-19 сынағын алдын-ала жасады. Зерттеудің мақсаты, ғалымдардың пікірінше, жабық бөлмеде өткізілген жаппай іс-шарадан кейін коронавирустың өршу қаупін бағалауға болатын математикалық модель жасап шығу.

Еске саламыз, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус адамзат коронавирустық инфекцияны 2022 жылдың соңына дейін жеңе алады деген болжам жасаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы