Германияда иесіз жануарлардың тамағына жыл сайын 8 млн еуро бөлінеді

3 Сәуір 2019, 12:30
3069
Бөлісу:
Германияда иесіз жануарлардың тамағына жыл сайын 8 млн еуро бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда иттердің құқығы заңмен қорғалған. Адамдар көшеде жүрген иттерді көре қалса, бірден жануарларды қорғау қызметкерлеріне және полицияға дереу хабарласады. Бұл туралы 24.kz жазды.

Бұл елде ит иесі жануарды көшеге қуып жібергісі келсе, онда оған 25 мың еуроға дейін айыппұл төлеуге тура келеді. Осылайша, немістер үй жануарларын қатты қорғайды.

Дегенмен, бұл мемлекеттің көшелерінде де иелерінен кетіп қалған немесе үйлерінен қуылған мысықтар көп жүреді. 

"Біз оларға  қолымыздан келгенше тамақтандырып тұрамыз. Бір қиындығы олар жабайы болғандықтан, оларға  қожайын табу қиынға соғып тұр.  Біздің орталықта  жыл сайын үш мыңға жуық жануар өзіне иесін табады. Мәселен, берлиндік Тирхайм тұрағында қазіргі кезде 1400  жануар бар. Олардың арасында мысық, ит, қояндар жетіп артылады", - деді иесіз жануарларды қабылдау орталығының баспасөз хатшысы Беате Камински.

Беате Каминскидің айтуынша олар жануарларды тәрбиелеп, оларға барынша қамқор болады. Тіпті орталықта жануарларды емдейтін заманауи клиника да бар. 

Бір айта кетерлігі мұндай орталықтарды әр түрлі қайырымдылық қорлары қаржыландырады. Олардың жылдық бюджеті шамамен 8 миллион еуроны құрайды. Бөлінген қаржы көбінесе иесіз жануарлардың тамағы мен дәрі-дәрмектеріне жұмсалады. Сондай-ақ оларға бас көз болатын 170-ке тарта штаттағы қызметкерлері жұмыс істейді. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда қаңғыбас иттердің көбейіп кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы