Германияда ғимаратты заңсыз иеленгендермен қақтығыстан 60 полицей зардап шекті

18 Маусым 2021, 07:45
4520
Бөлісу:
Германияда ғимаратты заңсыз иеленгендермен қақтығыстан 60 полицей зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия астанасында полицейлер бір ғимаратты заңсыз иеленген тұрғындармен қақтығысып, 60 тәртіп сақшысы жапа шекті. Оқиға Берлиннің шығысындағы Фридрихсхайн ауданында болды. 

Қақтығыс жергілікті билік ғимаратқа өрт қауіпсіздігін тексерушілерді жібергенде басталады. Себебі тұрғындар өздерін ғимараттан күштеп көшіргелі жатыр деп оларға қарсылық көрсетеді. Көмекке келген полицейлерге тас лақтырып, тәртіпсіздіктер болады. Германия 1990 жылы біріккеннен кейін Шығыс Берлиннің көп ауданы құлдырап, адамдардың иесіз жатқан үйлерді иеленуі жиілейді. 

Олар полицейлерге ғимараттың төбесінен де тас лақтырып, көшелерге түрлі заттар үйіп бөгет жасады. Осының салдарынан тәртіп сақшыларымен бірге өрт сөндірушілер де жапа шекті, – дейді Берлин полициясының өкілі Микаэль Гассен.

Өзгелердің жаңалығы