Германияда болған жарылыстан 14 адам зардап шекті

9 Қыркүйек 2019, 10:54
1728
Бөлісу:
Германияда болған жарылыстан 14 адам зардап шекті

Алматы, BAQ.KZ. Жексенбі күні Германияның батысындағы Фройденберг қаласының Альчен ауданында жарылыс болып 14 адам зардап шекті. Бұл туралы Синьхуа агеттігі хабарлады.

Жарылыс дәстүрлі тағам пісіру фестивалі өтіп жатқан кезде болған. Алдын ала болжам бойынша жаңбыр суы тамақ қуыратын темір пештегі майларға тамып, сол себепті болуы мүмкін, оқыс оқиға орныныда 100-ге тарта адам болған, деп мәлімдеді жергілікті БАҚ.

Жергілікті полиция, өрт сөндіру командасы мен құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орына барып өртті сөндірді. Полицияның мәліметінше, 31 мен 75 жас аралығындағы 14 адам жарақат алған, оның 6-ның жағдайы ауыр.

Науқастардың кейбірі ұшақпен жақын маңдағы емханаларға жеткізілген. Жарылыстың мән-жайын анықтау үшін криминальды полиция тартылған.
Өзгелердің жаңалығы