Германия шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр

10 Наурыз 2021, 02:35
1327
Бөлісу:
Германия шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда екі айға созылған шектеу талаптары біртіндеп жеңілдетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, елдегі гүл дүкендері, сән салондары мен жаттығу залдары қайтадан ашылды.

 Өйткені коронавирустың беті қайтып, жағдай түзеле бастады, дейді биліктегілер. Вирустың таралуы қайта ушықпаса, алдағы апталарда ашық аспан астындағы мейрамханалар, кинотеатрлар мен театрлар да жұмыс істей бастайды.
Дүкендер әйтеуір ашылды. Автотұрақта тұрған көліктерге қарап, бәрінің сауда жасауға асық екенін аңғаруға болады, – дейді Эрдинг қаласының тұрғыны Александр Шёфлер.

Өзгелердің жаңалығы