Германияда Мангеймнің «Вальдхоф» және «Кайзерслаутерн» командалары арасындағы ел кубогы матчынан кейін 85 адам зардап шекті. Олардың 35-і – полиция қызметкері.
Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, кездесу жұма күні кешке Мангеймдегі көрерменге лық толы «Карл-Бенц-Штадион» стадионында өткен. Трибуналарда шамамен 23,5 мың көрермен болған, оның 3,5 мыңға жуығы – қонақ команданың жанкүйерлері.
Матч кезінде пиротехникалық заттар бірнеше рет қолданылған. Ойынның негізгі 90 минутында командалар есеп аша алмады.
Алаңда футболшылар арасында жанжал шыққаннан кейін жағдай күрт шиеленісті. Кейбір жанкүйерлер трибуналарға отшашу лақтыра бастаған, артынша «Мангейм» жанкүйерлері алаңға жүгіріп шықты.
Тәртіпті қалпына келтіру үшін полиция, оның ішінде атты полиция бөлімшелерінің қызметкерлері араласуға мәжбүр болды. Бірнеше жанкүйер ұсталды.
Матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлығы 1,4 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған.