Германия коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетті
26 Мамыр, 09:45 487

Германия коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Германияға баратын азаматтардан вакцинация туралы куәлік, COVID-19 жұқтырмағаны туралы анықтама немесе коронавирусқа тест тапсыру талап етілмейді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап. Германия билігі елге кіргісі келетін немістер мен шетелдіктер үшін коронавирустық шектеулерді алып тастады. 1 маусымнан бастап келушілерден 3G ережесін сақтауды талап етпейді. Мұндай шешімді ел үкіметі 25 мамыр, сәрсенбі күнгі пандемия кезінде Германияға кіру туралы жаңа қаулыда қабылдады. 

3G ережесіне сәйкес, ГФР-ға кіретін 12 жастан асқан адамда вакцинация туралы сертификат немесе covid-19 ауруы туралы анықтама немесе соңғы 24 сағат ішінде жасалған теріс коронавирус сынағы болуы керек. Германия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ханна Кауц (Hanna Kautz) бұл ереже ресейліктер мен белорустарға қатысты емес екенін айтты. 

Үкіметтің шешіміне сәйкес, бұл құжат 1 маусымнан 31 тамызға дейін күшінде болады. Билік пандемияның жаңа толқыны басталса, күзде тағы да шектеулер енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қолданыстағы ереже «коронавирустық нұсқа аймақтары» деп аталатын елдерден барғандарға қолданылмайды. Олар бұрынғыдай Германияға барғаннан кейін, вакцинацияланғанына немесе ауырғанына қарамастан 14 күн оқшаулануы керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...