Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі.
Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі - боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.
Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де өкілдері еніп, боксты Олимпиадалық қозғалыс ортасында қалдыруға арналған ірі жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.
World Boxing 2023 жылдың сәуірінде құрылды. Қазіргі таңда ұйым құрамына әлемнің 44 мемлекетіндегі Ұлттық федерациялар енген.