#ГендерLIKE. Ене VS келін. Ұрпақтарды сабақтастыруға бола ма?
#ГендерLIKE. Ене VS келін. Ұрпақтарды сабақтастыруға бола ма?
<p>
<span style="font-weight: 700;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында келін мен ененің қарым-қатынасы, қыз бен жігіттің қоғамдағы міндеті мен «салмағы», жігіттердің түсінігі сынды тақырыптар талқыланды. </span><br>
</p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында келін мен ененің қарым-қатынасы, қыз бен жігіттің қоғамдағы міндеті мен «салмағы», жігіттердің түсінігі сынды тақырыптар талқыланды. Жоба қонақтары – «Әдемі-ай» компаниясының директоры Баһаргүл Төлегенқызы мен блогер, журналист Перизат Көшкінбаева.
«ГендерLIKE» жобасы – гендерлік теңсіздік, әйел бақыты, нәзік жандылардың отбасы мен мансапты бірге алып жүруі, салт пен заман қарама-қайшылығы, махаббат төңірегінде тосылмай, өткір мәселелерді талқылайтын еркін алаң. Айтыла бермейтін, шағын және болмашы дүниелер де біздің назарда.