Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер ерлерге қарағанда жанашырлық пен тазалыққа біртабан жақын тұрады. Бұл туралы «Ауыл» Халықтық–демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Біріккен ұлттар ұйымы мәліметіне сәйкес әйелдердің қоғамдағы рөлі экологиялық проблемалардан кейін екінші ретте тұрған мәселе екен. Мемлекетімізде шығыс елдеріне тән түсінік басым болғандықтан әйелдер қауымы тек отбасында ғана белсенді болу керек деген ұғым бар. Әрине, бір қолымен әлем тербеткендердің қоғам қалыптастыруда орны ерекше екендігін ескерсек, әйелдерді саясатқа да экономикаға да белсене қатысуға кейде қимаймыз. Десе де, қазіргі заманның талабы басқа - делінген хабарламада.
Әйелдер ерлерге қарағанда жанашырлық пен тазалыққа біртабан жақын тұрады. Ал сол әйел қауымына мемлекет тарапынан қаншалықты жағдай жасалған?
Мына статистикаға қарап пікір білдіріп қойыңыз.