Газа секторындағы соғыс өрті қайта тұтануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху егер ХАМАС тұтқындарды белгілі бір уақытта қайтармаса, израильдік әскер соғыс әрекеттеріне қайта кірісетінін мәлімдеді.
Егер ХАМАС тұтқындарды сенбі күні түске дейін қайтармаса, ымыраға келу келісімі бітіп, ХАМАС толықтай талқандалғанша ЦАХАЛ қарқынды әскери әрекеттерін қайта бастайды, - делінген Нетаньяхудың әскери кабинет мүшелеріне кездесуден соң жарияланған хабарламасында.
Одан басқа, АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тан барлық тұтқынды сенбі түске дейін босатуды талап етті. Олай болмаған жағдайда, «нағыз тозақ басталады» деп отыр.
Израиль ХАМАС-тың әрекеті мәміле талаптарын бұзып отыр деп есептейді.
Еске салайық, өткен сенбіде тұтқын алмасудың бесінші кезеңі аяқталды. Үш израильдік кепілдегілер мен 183 палестиналық тұтқын босатылды.
Бұған дейін ХАМАС израильдік тұтқындарды босатуды тоқтатқаны туралы жазған болатынбыз.