Газа секторында төрт журналист қаза тапты – Al Jazeera

 telegram/irna 18 Мамыр 2025 2025, 19:45
18 Мамыр 2025 2025, 19:45
858
Фото: telegram/irna

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Газа секторына жасалған соққыдан тағы төрт журналист қаза тапты. Бұл туралы IRNA-ға сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Көз жұмғандар: Нур Кандил, Азиз Аль-Хаджар, Абдуррахман Аль-Абадила және Халед Абу Сейф.

Телеарна дерегінше, соққы Израиль тарапынан жасалған. Жалпы, қақтығыс барысында қаза тапқан БАҚ өкілдерінің саны өсіп келеді.

Наверх