Газ тапшылығы пайда болуының себебі анықталды

9 Қараша 2021, 18:01
1011
Бөлісу:
Газ тапшылығы пайда болуының себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков министрлік өткізген онлайн брифинг барысында айтты.

Газды пайдаланатын көлемді топқа автокөлік жүргізушілері жатады. 2019 жылы сұйытылған газды тұтынатын автокөлік саны 140 мыңды құрады. 2021 жылы бұл көлік түрінің саны 313 мыңды құраған. Яғни, бұл өсімді млн тоннада есептегенде, 2019 жылы тұтыну 1,3 млн сұйытылған газды құраса, 2021 жылы ол 1,6 млн-ға тең болды. Соңғы екі жылда өсім 300 мың тоннаны құрады, - деді ол.

Жүребеков атағандай, бұл еліміздегі екі облыстың жылдық тұтыну көлеміне сай болып отыр.

Оған қоса өндіріс көлемі сол деңгейде қалды. Сұйытылған газды өндіру көлемі соңғы жылдары көбеймеді. Орташа есептік әлеуетте оны өндірудің жаңа көздерін көріп отырған жоқпыз. Сұйытылған газдың төмен бағасы кезінде және тұтынудың қарқынды өсуі кезінде тапшылыққа ұрынғанымыз белгілі, - деді ол.

Вице-министр 2019 жылдан бастап «Газ және газбен қатмамасыз ету» туралы заңына сәйкес сұйытылған газды өндіруді электронды сауда орталықтарында өндіруге көшкенін айтты.

Біз 5 пайыздан бастадық. 2019 жылға дейін ол жеткізу жоспарына сәйкес болды. Тоннасына бекітілген сома болды. Бұл өте арзан баға. Сол кезде өндіруші зауыттардан бағаның төменділігіне қатысты шағымдарды алдық. Оны кеңейту бұл бағамен жүзеге аспайтын еді. Биыл 5 пайыздан 70 пайызға өсті. Келесі жылдан бастап биржа арқылы жүзеге асыруға көшеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы