Газ құю стансасына шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

24 Ақпан 2021, 20:46
2170
Бөлісу:
Газ құю стансасына шабуыл жасаған қарақшы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада газ құю станциясынан тапанша мен үшкір заттың көмегімен ақша мен талондарды алып кеткен күдікті құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те қала орталығында орналасқан газ құю бекеттерінің бірінде бетіне бетперде киген белгісіз азамат тапаншаны және үшкір затты пайдалану арқылы қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон және талондар алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 104 мың теңге, - делінген ақпаратта.  

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғыны ұсталып, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы