Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Газ баллонының жарылысы: Қарағанды облысында екі адам көз жұмды

Бүгiн, 02:34
273
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясындағы кафеде газ баллоны жарылып, соның салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы жарылысқа себеп болған. Жарылыс салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақта ғимараттың жабын конструкциялары құлады.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршып, зақымданған құрылымдарды тексеру және қайта өртенудің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясындағы кафеде газ баллоны жарылып, өрт шыққан болатын. Өрт 300 шарша метр аумақта сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы