26 ақпанда Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиғадан кейін қала тұрғындары аталған мекеменің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын еске түсіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала тұрғындарының бірі Алекс Грязнов осыдан бір жарым жыл бұрын дәл осы дәмханада аспаз болып тәжірибеден өткенін айтты. Оның сөзінше, ол кезде айтарлықтай елеулі заң бұзушылықтар байқалмаған. Алайда қызметтік кіреберісте газ баллондарының сақталуына көңілі толмаған. Ол бұл жағдайдың қауіпті болғанын алға тартады.
Жалпы заңбұзушылықтар болған жоқ, тек газ баллондарының бей-берекет тұрғаны ғана болмаса. Осыдан үш жыл бұрын барғанымда, артқы есіктің жанында көптеген газ баллондары тұрғанын көргенмін, - деді Щучинск тұрғыны.
Қауіпсіздік техникасын сақтауда нақты заңбұзушылықтардың болған-болмағаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу тексерісі жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды тергеу нәтижесі бойынша жасалады.
Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.
26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетейік, Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ТЖД жанынан жедел желі ашылды.
Кейін жарылыстың бір куәгері әріптестерімен бірге зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы Щучинск қаласы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жарылыс ауызашар уақытында болған жоқ. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар болмаған.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.