Газ бағасы әр өңірдің тұтыну көлеміне қарай қойылады – Қуантыров

4 Сәуір 2023, 09:44
630
Бөлісу:
Газ бағасы әр өңірдің тұтыну көлеміне қарай қойылады – Қуантыров
Фото: Алау-ТВ

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров газдың тиімділігін арттыру мен оны ұтымды пайдалану жөніндегі жоспар туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Аталған міндетті іске асыру үшін біріншіден, ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу. Екіншіден, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады, – деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды ұсынды. Сонымен қатар ол елімізде тозығы жеткен инженерлік желілер жаңартылатынын айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы