Тағы мыңнан астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар осы сәтке дейін отқа оранған аумақтың 60 пайызын тексеріп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті билік тексеріс аяқталған соң құрбандар қатары 2 есе өсуі мүмкін дейді. Тілсіз жау Лахайна қаласын күлге айналдырды. Қауіпсіз жаққа қашқан тұрғындар мекеніне орала бастады. Осының алдында Мауи округі Төтенше жағдай басқармасының басшысы қызметкенін кеткен болатын.