Ғасыр куәгерлері дауыс берді

5 Маусым 2022, 18:04
1765
Бөлісу:
Ғасыр куәгерлері дауыс берді
PHOTO

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бейнеу ауданында ғасыр жасаған ана жалпыхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді.

Қалиева Сырға 1922 жылдың 1-ші  қаңтарында Бейнеуде дүниеге келген. Жүріс-тұрысы тың ғасыр куәгері сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады. 

Біздің тілеуіміз ел мен жердің амандығы. Ұрпағымыздың болашағы үшін даусымды бердім. Өйткені біз көп қиындық көрдік жастарымыз қиындық көрмегей. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деді  Сырға Қалиева. 

Ғасыр куәгерлері дауыс берді

Сондай-ақ, учаскелерге келуге мүмкіндігі жоқ жандар үшін жүрмелі учаскелер де қызмет көрсетіп жатыр. 

Солардың бірі ақтаулық соғыс ардагері Бисен Боқаевтың үйіне барды. 

Ардагер Ақтаудағы №21 мектепте орналасқан №64 учаскеге тіркелген. Осы учаскенің комиссияс мүшелері түс ауа ардагердің үйіне дауыс беру жәшігімен барды. 

Осылайша тағы бір ғасыр куәгері таңдауын жасады. 

Ғасыр куәгерлері дауыс берді

Қазақстанда тыныштық болсын. Еліміздің асты-үсті қазынаға толы. Осы байлық халықтың игілігіне жұмсалса деймін. Оған осы заңға енетін өзгерістер ықпал ететін маңызды құжат болар деп сенемін,- деді соғыс ардагері  Бисен Боқаев. 

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданында тұрады.

 
 
Ғасыр куәгерлері дауыс берді

Сайлау комиссиясының мүшелері жүз жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды. Филипп Петрович өткен жылдың қараша айында 100 жасқа толды. Ардагер Еуропа елдерін азат етуге қатысты. Көптеген ордендермен марапатталған. 

Ардагер Қазақстанның болашағы үшін дауыс беретінін  атап өтіп, көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ актриса Альмира Тұрсын да референдумда дауыс берді. 

Былай қарап тұрсаң, адам өмірі үшін 30 жыл дегеніміз не? Дүниенің заңдылығын енді түсініп, тәжірибесі мен көрген-білгенінен сабақ алып, ішкі дүниесіне үңілу арқылы нағыз үлкен өмірге алғашқы қадамдарың жасалар уақыты...және ол жол – тар жол, тайғақ кеші. Өз өмір жолын түбегейлі өзгертпек болған, жаманын жасырып, жаңа деңгейге талпынған әр адам мені түсінетініне сенімдімін. Қандай еңбек пен тер төгілетінін айтсаңызшы! Бірақ бір нәрседен бастап, іске көшу керек қой!,-деді А. Тұрсын.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум учаскесіне ең бірінші болып келді.

Ғасыр куәгерлері дауыс берді

Майдангер кент орталығындағы №155 учаскесі ашылмай тұрып ерте келіп, еліміз үшін маңызды күнде өз дауысын бермек.

Өзгелердің жаңалығы