Футболдан Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты футболшының өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады, деп жазады BAQ.KZ.
33 жастағы футболшы жазбасында өміріндегі ең қиын шешім жасаған айтты.
Көп ойлана келе, клубтың және халықаралық деңгейде мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Менің өзім армандаған спортпен айналысуыма барлық мүмкіндік жасалды. Енді мен өмірімнің жаңа беттерін ашуға қадам жасаймын. Жаңа оқиғаларға өзгерістер мен мүмкіндіктер уақыты келді, - деп жазды ол Гарет Бэйл.
Ол былтыр АҚШ-тың «Лос-Анджелес» командасында ойын көрсетті. Одан бұрын 2006 жылдан бастап Англияның «Саутгемптон», «Тоттенхэм Хотспур» және Испанияның «Реал Мадрид» клубтарының намысын қорғады. Испаниялық клуб сапында ол бес мәрте UEFA Чемпиондар лигасында жеңімпаз тұғырынан көрінді.
2006-2022 жылдарда Уэльс құрамасы сапында 111 кездесуде 41 гол соқты.
2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында Уэльс құрамасы В тобында соңғы орынды місе тұтты.