Ғалымдар жол саласына қатысты мыңға жуық нормативтік құжатқа талдау жасады

22 Қыркүйек 2023, 12:33
1090
Бөлісу:
Ғалымдар жол саласына қатысты мыңға жуық нормативтік құжатқа талдау жасады
Фото: Көлік министрлігі

Ғалымдар 400-ден астам ГОСТ, 200-ге жуық ҚР СТ және 277 ведомстволық құжатты қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сапасыз жолдар мәселесін 2029 жылға дейін шешуді тапсырған болатын. Осы ретте аталған міндетті іске асыру үшін жол саласының қызметін реттейтін нормативтік базаны ретке келтіру маңызды.

Қазіргі таңда салада ескірген және бір-біріне қайшы келетін 1200-ге жуық нормативтік құжат іріктелген. Бұл сәйкесінше жолдарды жөндеу жұмыстары мен олардың құрылыс сапасына теріс әсер ететіні анық.

Нормативтік құжаттарды жүйелеуді өткен жылдың соңында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты қолға алған болатын. Бүгінгі таңда тәуелсіз жол мамандарының қатысуымен техникалық кеңестің бірқатар отырысы өтті. Нәтижесінде 400-ден астам ГОСТ, 200-ге жуық стандарт пен 277 ведомстволық құжат қайта қаралды.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2026 жылдың соңына дейін жол саласындағы барлық нормативтік құжатты өңдеуді аяқтауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы