Ғалымдар Юпитердің бірнеше шағын ғаламшарлардан құрылғанын анықтады

9 Шілде 2022, 12:03
1947
Бөлісу:
Ғалымдар Юпитердің бірнеше шағын ғаламшарлардан құрылғанын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Juno ғарыштық зонды арқылы ғалымдар Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар бірнеше кішкентай ғаламшарларды жұтып қою нәтижесінде пайда болған деген тұжырымға келді. Бұл туралы Inverse агенттігі хабарлады. 

Юпитерді зерттеген ғалымдар ғаламшардың ішкі атмосферасы тек сутек пен гелийден ғана тұрмайтынын анықтаған. Оның ішінде теңдестік күйіне, яғни термодинамикалық теңдікке сәйкеспейтін, қатты қысым мен температура кезіндегі сутектің күйін сипаттайтын ауыр металдардан тұратынын байқапты. Бұл ішкі атмосфера болжағаннан әлдеқайда, тіпті Жердің жалпы салмағынан 30 есеге дейін ауыр болып шыққан. 

Астрономдардың айтуынша, Юпитер бұрынғы Күн жүйесінің бірнеше шақырымға созылған құрылыс блоктарының ғаламшарларынан құралған деп  отыр.  

Юпитер біздің жүйеміздегі ең бірінші қалыптасқан ғаламшар болғандықтан оның қалай қалыптасуы туралы деректер ол Күн жүйесінің алғашқы кезеңдерін түсіну үшін өте құнды ақпарат екені белгілі, - деп түсіндірді Нидерландыдағы Лейден обсерваториясының астрономы Ямила Мигель. 

Өзгелердің жаңалығы